Оқиға • 29 Сәуір, 2021

Алматыда әріптесі оқ атқан полицейдің жағдайы белгілі болды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында әріптесі жарақаттаған полицейдің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда әріптесі оқ атқан полицейдің жағдайы белгілі болды

«28 сәуір күні Райымбек аудандық ауруханасына түскен полиция қызметкерінің жағдайы орташа ауыр. Қазір ол хирургиялық бөлімде ем қабылдап жатыр. Оң жақ аяғының артқы жағынан жарақат алған, ота жасалды, басқа да ем-шаралар жасалуда», деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Естеріңізге сала кетейік, 27 сәуір күні түн ортасында Райымбек ауданының ішкі істер органдарының екі қызметкері арасында жанжал туындап, соңы атыспен аяқталған.

«Салдарынан олардың бірі табельдік қару қолданған. Учаскелік инспектор  жамбасынан оқ жарақатын алып, Нарынқол ауылының ауруханасына жатқызылды. Болған жағдайды тексеру үшін оқиға орнына бардық. Барлық мән-жайды бақылауымызға аламыз», деп жазды Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев Facebook парақшасында.

Қазір аталған оқиғаға орай ҚК-нің 24-бабы, 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.