Оқиға • 30 Сәуір, 2021

Азия чемпионаты Дубайға ауысты

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл өтуі тиіс бокстан Азия чемпионаты Үндістаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне ауыстырылды. Енді құрлықтың былғары қолғап шеберлері 21 мамыр мен 1 маусым аралығында Дубай шаршы алаңында чемпиондыққа таласпақ.

Азия чемпионаты Дубайға ауысты

Құрлық бәсекесі осыған дейін Нью-Делиде өтеді деп шешілген еді. Алайда Азия бокс конфедерациясының хабар­ла­уынша, Үндістанда коронавирус инфек­ция­сының тым қатты таралуына байланыс­ты аталған шешім қайта өзгертіліп отыр. Конфедерацияның мәлімдеуінше құр­лық чемпионатының тура Олимпиада қар­са­ңында ұйымдастырылуы үздік бокс­шы­лардың сараланып шығуына жол ашпақ.

2020 жылы өтеді деп  жоспарланған құрлық сайысы бүкіл әлемде пандемияның ушығуымен тұспа-тұс келіп, 2021 жылға ауыстырылған еді. Енді Дубай төрінде ерлер мен әйелдер он салмақ дәрежесінде жұдырықтасады.