СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз өкілдерінің мәліметінше, Петропавлдағы ЕС-164\6 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдерге вакцина салынды. Бұған дейін, сотталғандарға ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынса, енді Отандық «QazVac» вакцинасына таңдау түсіпті.
«Вакцинацияның бірінші компонентін алуға тілек білдірген сотталушылар алдымен толық медициналық тексеруден өтті. Денсаулықтарының дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін терапевт дәрігер оларды вакцина алуға жіберді. Екпе егу ерікті түрде жүргізіледі, бас тартқандар болған жоқ. Сондай-ақ, вакцинация жоспарлы түрде жүргізіледі», дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Александр Кочкин.