Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 0,53 теңгеге өскен.
АҚШ-тың «көк қағазы» - 428,33 теңге болды.
Ұлттық банктің 30 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 427,75 теңге.
Kurs.kz-тің мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы 429,18 теңге, сатып алу - 427,65 теңге.
Ал Елордада сату бағамы 429,08 теңгеден болса, сатып алу - 427,99 теңге,
Айта кетейік, АҚШ доллары төрт күн қатарынан арзандаған болатын.