Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кезекшілік кезінде Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көмекке шақырған қыздың анасын көріп, оның өтінішіне бейжай қарай алмайды. Сөйтіп полиция оны қызметтік көлікке отырғызып, жасөспірімнің орналасқан жерге қарай бет алады.
Құзырлы орган өкілдері Ақсукенттегі Төлеби көшесінде орналасқан Манкент стансасындағы көпірден жас қыздың секірмек болып тұрған жерінен тапты.
«Осы сәтте полиция капитаны Бөлеген Төлегенов өзіне қол жұмсамақ болған жасөспірім қызға жақындап, оны құтқару үшін қажетті шараларды қабылдады. Полиция қызметкері қызға күдік туғызбастан, оның артқы жағынан мықтап ұстап алды. Содан кейін оның әріптестері көмекке келіп, оқушыны қауіпсіз жерге шығарды», деп хабарлады облыстық ПД.
Белгілі болғандай, қыз анасына ренжіп, отбасылық кикілжің туындаған. Кейін жасөспіріммен моральдық-психологиялық әңгіме жүргізіліп, қажетті көмек көрсетілді.