Ардагерлерге бір реттік сыйақы беруді әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы нәзира Тоғызбаева ұсынған еді.
«Біз Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне бір жолғы төлем мөлшерін 500 мыңнан миллион теңгеге дейін арттыруды ұсынамыз. Сондай-ақ тыл ардагерлеріне, бейбіт уақытта қаза тапқан ҰОС ардагерлері жұбайына 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетуді көздеп отырмыз», деді Нәзира Тоғызбаева.