Таным • 01 Мамыр, 2021

Сарымсақты жотасында барыс жортып жүр

718 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катонқарағай ауылының тұсында қар барысы фототұзаққа ілінді. Сирек кездесетін аң-құста«рды анықтау үшін былтыр Сарымсақты жотасына Ұлттық парктің инспекторлары фототұзақ құрған. Аршаты жақта бір емес, бірнеше рет фотоға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz

Сарымсақты жотасында барыс жортып жүр

Сәуірдің басында инспекторлар құрылған фототұзақты тексере отырып, аю, күдір, ұлар, тиін, қоян, қасқыр, сілеусін, тау ешкілер түскенін көрген. Ал қар барысы Сарымсақты жотасында бұрын-соңды фотоға түспеген.

Фотоның анықтамасына зер салсаңыз, қар барысы 2020 жылдың 29 қазанында түнде тұзақтың алдынан жүріп өткен. Аппарат киелі аңды 3 рет түсіріп үлгерген. Сарымсақты жотасына фототұзақты Катонқарағай МҰТП жануарларды қорғау және өңдіру бөлімі бастығы Ерік Қасымов пен инспектор Дәурен Тауданбеков 2017 жылдан бері құрып келеді.

Құрылғыны барыс, тау теке мекен ететіндей Алтайдың басына құру оңай емес. Тағылардың соқпағын табу үшін 2000-3000 биік шапшыма шыңдарда жүруге тура келеді.

«Табиғатты қорғау мамандарының еңбегі министрлік тарапынан Катонқарағай мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің 20 жылдығы қарсаңында тиісті бағаланса деп ойлаймыз. Қар барысын Алтай тауларында алғаш рет 2014 жылы түсіргенбіз. 2015-2016 жылдары бірнеше мәрте түскен. Қар барысын анықтау жұмыстарына парк директоры Жанболат Тыныбеков үнемі қолдау көрсетіп келеді»,дейді парк қызметкері Ерік Қасымов.

 

 

Соңғы жаңалықтар