Спорт • 03 Мамыр, 2021

Іріктеу турнирінің жеребесі тартылды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылы Аустралия мен Жаңа Зеландияда футболдан әйелдер арасында жалауы желбірейтін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Іріктеу турнирінің жеребесі тартылды

Қазақстанның бұрымдылары І тобына түсті. Қарсыластарымыз – Франция, Уэльс, Словения, Грекия және Эстония құрамалары. Барлығы тоғыз топ бар. Әр топтың жеңімпаздары бірден мундиальда күш сынасу құрметіне ие болады. Ал екінші орынды еншілегендер өзара шеберлік байқасу арқылы қалған жолдамаларды сарапқа салады.

Өзге құрлықтарды қоса алғанда әлем чемпионатында барлығы 24 мемлекеттің өкілдері өнер көрсетеді. УЕФА-ның құрамындағы командалар арасындағы іріктеу турнирі ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде басталып, келесі жылдың қазан айында өз мәресіне жетеді.

Естеріңізге сала кетейік, әйелдер арасындағы әлемдік доп додасы 1991 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Сол жарыстардың төртеуінде АҚШ-тың арулары алдарына жан салмаса, Германияның бұрымдылдары екі мәрте дара шықты. Норвегия мен Жапонияның сұлулары бір-бір реттен бас жүлдені олжалады.