Оқиғаға қатысты «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ресми мәлімет берді.
«Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Мәңгілік ел көшесі, 82 мекенжайы бойынша мердігердің сапасыз материал орнатуынан құбыр құдығының жабын плитасы ішінара опырылып құлағанын хабарлайды. 2 мамыр күні авариялық бригада құдық жабынының қалған бөлігін бөлшектеп, шойын қақпақ орнатып, бетондады. Аталған орынға жөндеу-құрылыс бригадасы асфальт төсейтін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», деп атап өтті баспасөз қызметі.