Технология • 04 Мамыр, 2021

Табиғат тынысын тап басады

140 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Егін науқаны мен оны жоспарлау кезіндегі «AgroData» қосымшасының тиімділігі, қолжетімді мәліметтерді ауыл шаруашылығында қолдануға қатысты жаңашылдықтар туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook парақшасындағы тікелей эфирде айтылды.

Табиғат тынысын тап басады

«Қазгидромет» РММ агроме­теорологиялық мониторинг және болжау департаментінің директоры Нонна Лоенконың айтуынша, көктемгі егу жұмыстарының алдында бірқатар өңірде өнімдік ылғал қоры жеткілікті болады деп күтілуде.

«Атап айтқанда, Ақмола облы­сының Астрахан, Атбасар, Егін­дікөл, Зеренді, Целиноград аудандарында, Қостанай облысының Бейімбет Майлин, Сарыкөл, Қос­танай аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы мен Жұмабаев, Тимирязев, Жамбыл аудандарының кей жер­­лерінде, Қарағанды облы­сының Бұқар жырау, Нұра аудан­дарының кейбір тұстарында, Шығыс Қа­зақстан облысының Глу­­бо­кое және Алтай аудандарын­да то­пырақтың ылғалдығы қана­ғат­танарлық деңгейде», деді спикер.

Оның сөзінше, осы және өзге де мәліметтер биыл қазанда кәсіпорын дайындап іске қосқан «AgroData» веб-қосымшасына орналастырылған.

«Экология министрінің тапсырмасымен біз фермерлерге арналған веб-қосымшаны әзірледік. Қазір оның мобильді нұсқасын жасап жатырмыз. Дегенмен қазірдің өзінде браузер арқылы ұялы телефонмен қосымшадағы ақпаратты алуға болады. Бұл жерде Қаз­гдирометтің тек ауа райын болжаумен айналыспайтынын атап өтуіміз керек. Мұнда халықтың қауіпсіздігін, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өнімдердің толық спектрі дайындалады», деп атап өтті Нонна Лоенко.

Департамент директоры «AgroData» жүйесіндегі ақпа­раттың көбі бұрын да болғанын, бірақ олардың әртүрлі платформаларда орналасқанын айтады. Ал жаңа қосымша фермерлерге қажетті барлық ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік туғызып отыр.

«Бұл мәліметтерге қолже­тімділікті жеңілдетіп, оны тиім­дірек қолдануға мүмкіндік бе­реді. Қосымшаны неғұрлым тү­сінікті, қолдануға жеңіл етіп жасауға тырыстық. Қазгидромет әзірлей алатын фермерге қа­жет­ті ақпаратты белгілі бір ша­руа­шылыққа бейімделген есепке жү­гінбей-ақ мобильді қосым­ша­дан көруге болады. Бұған 3 сағат жаңарып отыратын ауа райы, синоптикалық және агроме­тео­рологиялық болжамдар мен нақты деректер кіреді», дейді Нонна Лоенко.

Бұдан бөлек, суару маусымында мемлекеттік бақылау же­лі­лерінің пункттері бойынша бел­сенді және тиімді темпера­тура­лардың өлшемі мен топырақ ылғалдылығының қоры, ал күн суық кезде қардың биіктігі, тоң­ның тереңдігі бойынша ақпарат беріледі.

«AgroData»-да сонымен қатар бұрын болмаған әр он күндікке арналған нақты мәліметтер де бар. Осылайша, алынған ақпарат бойынша агротехнологияларды уақтылы және тиімді қолдану егін науқанын дұрыс жоспарлауға, өсімдіктердің солып қалуының алдын алуға мүмкіндік береді.

«Ылғал қоры туралы мәлімет көктемгі егін науқанында тиімді егіс нормасын анықтауда, тұқымды тас­тайтын тереңдікті таңдауда, ты­ңайтқыш қолдануда үлкен рөл атқарады. Мұның барлығы өнім­нің көлеміне әсерін тигізеді», дейді ол.