Таным • 04 Мамыр, 2021

Масалар коронавирус тасымалдай ма?

2855 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық интернет қолданушылары жазда маса шақса, COVID-19 жұқтырады деп алаңдаушылық білдірді. Олардың пікірінше, жәндіктер инфекция тасымалдаушыларға жатады. Бірақ бұл – олай емес, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Масалар коронавирус тасымалдай ма?

Қан сорғыш жәндіктер адамдарға COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген теория дұрыс емес. Оны теріске шығаратын ақпарат Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында жарияланған.

«Қазіргі кезде SARS-CoV-2 вирусы масалардың шағуы арқылы берілуі мүмкін екендігі туралы ақпарат жоқ. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін жөтел немесе дене қызуы бар адамдардан алшақ жүріп, қол гигиенасы мен тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау керек»,  делінген ұйымның сайтында.

Sars-CoV-2 вирусы ауа-тамшы жолдарымен беріледі. Ол сілекей мен ылғал бөлшектерімен, сондай-ақ мұрыннан аққан бөліністерде болады. Жәндіктер – бұл аурудың қоздырғышы емес екен.