Аймақтар • 04 Мамыр, 2021

Есіктегі перзентхана маңынан адам сүйектері табылды

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында адамның сүйектері табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Есіктегі перзентхана маңынан адам сүйектері табылды

Аталған оқиға жайлы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Осыған орай Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Сүйектер Есік қаласының жанында орналасқан Бөлек ауылдық округінен табылды. Бұл жер «Ромашка» деп аталатын саяжай. Ол сүйектер ашық-шашық шашылып жатқан жоқ. Жерді қазу барысында шыққан. Дәл осы жерде су құбырын жүргізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сүйекті тапқан да – сол мекеменің жұмысшылары. Қазір «Алтын адам» мұражайының архиологтері оқиға орнына келді. Сүйектерді жинап, сараптамаға жібереді», деп мәлім етті ведомство өкілі.