Әлем • 05 Мамыр, 2021

Еуропада эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамыр айынан бастап Еуропаның бірқатар елінің билігі коронавирус пандемиясының үшінші толқынына байланысты Еуропалық Одақта енгізілген қатаң коронавирустық шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Tourdom басылымына сілтеме жасап.

Еуропада эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

Сондай-ақ Еуропаның бірқатар елдері жақын уақытта турист қабылдауға дайындалып жатқанын жеткізді.

Атап айтқанда, Грекияда дүйсенбіден бастап мейрамханалар, барлар мен дәмханалар ашық болады. Олар қонақтарға тек жазғы алаңдарда 22:45-ке дейін қызмет ете алады. Коменданттық сағаттың басталу уақыты 22:00-ден 23:00-ге ауысады. Ел біртіндеп жазғы туристік маусымның басталуына дайындалып жатыр. Сәуірде «жасыл аймақ» елдерінен келген саяхатшылар үшін міндетті карантин алынып тасталды.

Италияда да жағдай тұрақталып келеді. Көптеген туристік аймақтарда, мысалы Венецияда, тамақтану орындарына қонақтарды сыртқы алаңға отырғызуға рұқсат етілді, бірақ 1 маусымға дейін жабық ғимаратқа кіруге болмайды. Дәл осы айда ел билігі шетелдік саяхатшылар үшін шекараны ашуға уәде берді.

Сонымен қатар Эстонияда да 3 мамырдан бастап мейрамханалар мен дәмханаларға таза ауада қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. Туристер қайтадан галереяларға, көрме залдарына,  музейге кіре алады.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50