Қазақстан • 05 Мамыр, 2021

Зейнетақы жинақтарының 99 пайызы баспанаға жұмсалған

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті сатып алуға триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтарын жұмсаған. Бұл ақшаның жартысына жуығы, яғни 620 миллиард теңге ипотекасыз баспана сатып алуға кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz

Зейнетақы жинақтарының 99 пайызы баспанаға жұмсалған

Екінші орында ипотекалық қарызды ішінара немесе толық өтеу шығындары тұр. Бұл мақсатқа 218 миллиард жұмсалды. Орта есеппен әрбір азамат ипотекаға үш миллион теңгеден астам қаржы салған.

Үшінші орында зейнетақы жинақтарын туысқа беру болды. Қазақстандықтар шамамен 194 миллиард теңге табысын туысқандарына аударған.

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, биыл наурыз айында жаңа баспаналардың бір шаршы метрі ел бойынша 325 мың теңге болса, ескі үйлердің құны 257 мың теңгені құрады.