Қоғам • 05 Мамыр, 2021

«Мәңгілік полк» биыл да онлайн режимде өтеді

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Мәңгілік полк» биыл екінші рет онлайн режимінде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мәңгілік полк» биыл да онлайн режимде өтеді

Бүкіләлемдік пандемия екінші жыл қатарынан Жеңіс күнін дәстүрлі форматта атап өтуге мүмкіндік бермей жатыр. Биыл да «Salem social media» ұжымы «Мәңгілік полк» акциясын онлайн режимде өткізеді.

«Мәңгілік полк биыл екінші рет онлайн өткелі тұр. Өткен жылы біз 5000-нан астам оқиғалар мен фотосуреттер жинадық. 100-ге жуық елімізге белгілі азаматтар онлайн-шеруді қолдады. Біз барлықтарыңызды карантин талаптарын сақтауға және Жеңіс күнін бүкіл елмен қашықтықтан атап өтуге шақырамыз», деді «Salem social media» бас директоры Александр Аксютиц.

Тікелей эфир барысында рухты көтеретін соғыс жылдарының әндері шырқалады, сондай-ақ Алматы үрмелі аспаптар оркестрі ардагерлердің үйлеріне барып, аулаларында жанды концерт қойып, өнер көрсетеді.