Оқиға • 06 Мамыр, 2021

Алматылық азаматтың вакцинадан қайтыс болғаны рас па?

3006 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вакцина алған соң қайтыс болды деген ақпараттың тарауына байланысты Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылық азаматтың вакцинадан қайтыс болғаны рас па?

1979 жылы туған азамат Б.Нұртазин биыл 12 сәуір күні емханаға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген. Процедура хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Б.Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған.

21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Дәрігерлер қараған кезде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен.

Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

«Алдын ала болжамдарға сәйкес, жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қайтыс болу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижелер қосымша хабарланатын болады»,  дейді қалалық ішкі істер басқармасы өкілдері.

Нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25