Экономика • 06 Мамыр, 2021

Ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілді

36 рет көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысымен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар бекітілді, деп жазады Egemen.kz .

Бағдарламаға түзетулер 2004–2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыздар алған, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен ипотекалық қарыздар берілген халықтың әлеуметтік осал топтарына осы қарыздар бойынша олардың борыш жүктемесін одан әрі төмендету және жалғыз баспанасын сақтау мақсатында қосымша қаржылық көмек көрсетуге бағытталған. Осылайша, бағдарламаға түзетулер қиын өмірлік жағдайға тап болған және осыған байланысты табысы жоқ азаматтарды қолдау үшін қоғамдық ұйымдармен келіссөздердің нәтижесі болды.

Бағдарламаға енгізілген түзетулерді ескере отырып, қаржылық қолдау шаралары кәмелетке толмағандардың немесе мүгедектігі бар адамдардың заңды өкілдері болып табылатын ипотекалық қарыз алушыларға, сондай-ақ қамқорлығында (асырауында) халықтың әлеуметтік - осал тобы мәртебесі бар адам бар және еңбекке қабілетсіз азаматтарды күтіп-бағуға, емдеуге арналған шығыстарды көтеретін қарыз алушыларға қосымша көрсетілетін болады. Қамқоршылық 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша расталуға тиіс. 

Бұған қосымша, бағдарлама шеңберінде таратылған «Астана Банкі» АҚ берген ипотекалық қарыздары бар және бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қайта қаржыландырылған ХӘОТ санатындағы азаматтарға қолдау шаралары көрсетілетін болады. Қаржылық көмек алу үшін көрсетілген қарыз алушылар тиісті өтінішпен Банктің Тарату комиссиясына жүгіне алады.

Кірісі төмен ипотекалық қарыз алушыларды қолдау үшін бағдарламаға енгізілген түзетулермен ХӘОТ санатына жататын қарыз алушының жеке кірісінің екі ең төменгі күнкөріс шегінде сақталуы бекітіледі. Бұл шара осындай қарыз алушылардың бюджетіне түсетін қаржылық жүктемені азайтады және оларға коммуналдық төлемдерді, азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді және қарыз алушылардың басқа да бірінші кезектегі қажеттіліктерін төлеуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаға енгізілген түзетулер Қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссия құқықтарының кеңеюіне де әсер етті. Енді Комиссиялар қарыз алушылардың бағдарламаның үшінші бағыты бойынша қосымша көмек көрсету туралы өтініштерін қайта қарау бөлігінде банктер үшін міндетті болатын шешімдер шығаруға өкілеттік алды.

Түзетулерде қаржыландыру немесе жалға алу талаптарымен тұрғын үйді банктің балансынан ХӘОТ санатына жататын бұрынғы меншік иесіне берген кезде, банктерге тұрғын үйді меншік иесіне банктің балансына бұрын қабылданғаннан аз шығындармен беру туралы дербес шешім қабылдау құқығын беру көзделеді.

Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары бойынша қарыздары қайта қаржыландырылған, сондай-ақ баспанасы банктің балансына өткен ХӘОТ санатындағы қарыз алушыларға банктердің қосымша көмек шараларын көрсетуі үшін қарыз алушылар 2021 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде тиісті өтінішпен банкке жүгінуі қажет.

Банктер Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (1 АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) Бағдарлама талаптарымен бұрын біржақты тәртіппен айырбасталған қарыздарды қайта қаржыландыруды аяқтайды. Осыған байланысты ХӘОТ қарыз алушылары үшін 3% және қалған қарыз алушылар үшін 12% мөлшерлеме бойынша валюталық ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру үшін қарыз алушылар 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде банкке жүгінуі қажет. Бағдарлама 2004-2009 жылдардағы қарыздарды, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген шетел валютасындағы қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған. Бағдарламаның 1-бөлімі бойынша 182,1 млрд теңгеге 28,9 мың қарыз мақұлданды, 169,3 млрд теңге сомаға 27,9 мың қарыз қайта қаржыландырылды.

2020 жылы 223 млрд теңге сомаға 27 мың валюталық ипотекалық қарызды айырбастау аяқталды.2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ХӘОТ санатына жататын 2662 қарыз алушыға 15,7 млрд теңге сомада қосымша көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

Ырысты ынтымақтың ұйытқысы

Елбасы • Бүгін, 01:03

Инвестиция үшін тартымды ел

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 00:38

Көне мұралар – халық қазынасы

Руханият • Бүгін, 00:12

Атам айтқан жарық жұлдыз

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 00:04

Иранның таңдауы

Саясат • Кеше

Ұқсас жаңалықтар