Қоғам • 06 Мамыр, 2021

Елордалық ардагерлерге азық-түлік себеті табысталды

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күні мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлеріне азық-түлік себеттері таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық ардагерлерге азық-түлік себеті табысталды

Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету акциясы қала әкімдігінің бастамасымен, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, «Астана жастары» мемлекеттік мекемесі және ҚР Қарулы Күштер әскери-патриоттық орталығы ұйымдастыруымен өтті.

«Сіздерге рахмет! Баршаңызды келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Мен оқып жүргенімде әскерге шақырып, артынша қысқамерзімді кустан өттік. Мәскеуде 1,5 ай оқып, сержант атағын алып шықтым. Соғыс басталғанда мені екінші Украин фортына жіберді, одан әрі мен Будапештке дейін жеттім. Соғыс біткен соң, елге оралдық, көп ұзамай Хрущев баршаны тың игеруге шақырды», деді ҰОС ардагері, астаналық Раиса Сафоничева.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 25 Ұлы Отан соғысының ардагері бар.