Әлем • 06 Мамыр, 2021

25 жастағы Мали тұрғыны бірден 9 баланы дүниеге әкелді

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 жастағы Мали тұрғыны бірден 9 баланы дүниеге әкелді. Олардың бесеуі - қыз, төртеуі - ұл бала, деп хабарлайды Egemen.kz.

25 жастағы Мали тұрғыны бірден 9 баланы дүниеге әкелді

Бастапқыда дәрігерлер жүкті әйелдің құрсағында 7 бала бар деген. Дәрігерлер барлық 9 шақалақтың да дені сау екенін айтады. Гиннес рекордтар кітабының өкілі бұл оқиғаға қызығушылық танытып, бірден 9 нәрестені туған жағдай алғаш рет тіркеліп отырғанын айтып, электронды хат жолдады.

Айта кетейік, АҚШ-та 2009 жылы Надя Сулеман есімді америкалық тұрғын бірден 8 баланы дүниеге әкеліп, Гиннес рекордтар кітабына кірген болатын.