Қазақстан тарапы қырғыз-тәжік шекарасындағы адам өліміне және қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтты. М.Тілеуберді тараптардың жағдайды қалыпқа келтіру жөніндегі күш-жігерін құптап, мұндай мәселелерді тек бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.
Елші Ж.Кулубаев Қырғызстанның жоғары басшылығының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жанжалды жағдайды қалыпқа келтіруге көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Тараптар сондай-ақ қазақ-қырғыз ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін, оның ішінде жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.