Президент • 07 Мамыр, 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы

46 рет көрсетілді

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Біз бұл күні Қарулы Күштеріміздің ардагерлеріне жә­­не еліміздің егемендігі мен ұлттық мүддесін қорғап тұр­­ған, антына адал әскери қызметшілерге құрмет көрсе­теміз.

Қазақстан жер жүзіне қашанда бейбітшілікті жақтайтын және жауап­кершілігі жоғары мемлекет ретінде танымал. Сондай-ақ экономикалық, гума­ни­тарлық мүмкіндіктері ғана емес, әскери әлеуеті де мықты елге айналдық. 

Тұңғыш Президент, Елбасы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың орасан еңбе­гінің арқасында заманауи қару-жарақпен және жаңа техникамен жаб­дықталған қуатты армия жасақ­талды. Қарулы Күштеріміздің барлық құры­лымында қызмет ететін сарбаздар мен сар­дарлардың жауынгерлік рухы, отан­шыл­дығы, әскери дайындығы және кәсі­би машығы еліміздің қорғаныс қабіле­тінің жоғары болуын қамтамасыз етеді.

Мемлекет туған жері үшін аянбай ең­бек етіп, әскери қызметке бүкіл ғұмырын арнаған отансүйгіш перзенттерін жан-жақты қолдауға ай­рықша мән береді. Біздің міндетіміз – жаңа геосаяси ахуалға сай еліміздің қор­ғаныс қабілетін одан әрі нығайта түсу. 

Армия – мемлекеттігіміздің мыз­ғымас тірегі, тәуелсіздігіміздің кепілі. Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне халқымыздың қауіп­сіздігі мен бейбіт өмірі жолындағы мінсіз қызметі үшін ризашылығымды білдіремін.

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Лондонда тойланды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 10:52

Алматыда жылу жүйесі жарылды

Аймақтар • Бүгін, 10:32

Парижде Абай бюсті ашылды

Руханият • Бүгін, 10:28

6 өңір «сары» аймақта тұр

Коронавирус • Бүгін, 09:43

Талантты жастар танылды

Өнер • Бүгін, 09:33

«Төрттік финалдан» тыс қалды

Футбол • Бүгін, 09:31

Құлпырған Қызбел

Аймақтар • Бүгін, 09:26

Отар ауылындағы оңды тірлік

Аймақтар • Бүгін, 09:21

Ұқсас жаңалықтар