Руханият • 09 Мамыр, 2021

Қазақстан халқы Ассамблеясы Жеңіс күнімен құттықтады

26 рет көрсетілді

Құрметті отандастар!

Сіздерді қасиетті және өшпейтін ерлік мерекесі – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл адамзаттың ұлы ерлігі, батырлығы, намысы мен батылдығы, Отанымыз бен елімізге деген адалдықтың айқын бейнесі ретінде жүрегімізде мәңгі сақталады.

9 мамыр әрқашан ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, Отанымыздың бостандығы үшін күрескендердің барлығына құрмет білдіретін, біздің қоғамды біріктіретін күн.

Біздің бақытты болашағымыз бен гүлденуіміз үшін өз өмірлерін қиған батырлардың жарқын естелігі біздің есімізде мәңгі қалады. Онжылдықтар өтсе де, ұрпақ өзгерсе де, Қазақстан халқы өз тарихын әрдайым құрметтейтін болады.

Жеңіс күні тек біздің өткенімізге ғана емес, ұлттық бірлік пен келісім беріктігінің үлгісі ретінде болашағымызға да жол ашады.

Құрметті ардагерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, тыл еңбеккерлері! Сіздер барлық ұрпақ үшін ерлік пен патриотизмнің эталонысыздар. Біз сіздерді мақтан тұтамыз және және сіздердей болуға ұмтыламыз.

Сіздерге мықты денсаулық және ұзақ өмір тілейміз! Әрдайым шаңырақтарыңызда бейбітшілік пен тыныштық орнасын!

Ардагерлерімізге бас иеміз! Ұлы Жеңіс құтты болсын!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Лондонда тойланды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 10:52

Алматыда жылу жүйесі жарылды

Аймақтар • Бүгін, 10:32

Парижде Абай бюсті ашылды

Руханият • Бүгін, 10:28

6 өңір «сары» аймақта тұр

Коронавирус • Бүгін, 09:43

Талантты жастар танылды

Өнер • Бүгін, 09:33

«Төрттік финалдан» тыс қалды

Футбол • Бүгін, 09:31

Құлпырған Қызбел

Аймақтар • Бүгін, 09:26

Отар ауылындағы оңды тірлік

Аймақтар • Бүгін, 09:21

Ұқсас жаңалықтар