Ауа райы • 07 Мамыр, 2021

Мереке күндер жаңбырлы болады

105 рет көрсетілді

Синоптиктердің болжауынша, демалыс күндері Қазақстан аумағында мерекелік ауа райы болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балтық жағалауы аудандарынан келетін кезекті циклон Қазақстан аумағы арқылы бірте-бірте жылжып, жылы және құрғақ ауа райын алмастырады. Соның ықпалымен алдымен солтүстік-батыс, одан кейін елдің қалған өңірлерінде нөсер жаңбыр күтілуде.
Ал 9
мамырда еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа, оңтүстік және шығыс бөлігінде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді және бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстігіне айтарлықтай салқын болмайды, мәселен, күндіз ауа температурасы 22...30°С дейін жылынады, алайда солтүстік облыстарда температура 12...20°С дейін төмендейді.

Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысына бас имам тағайындалды

Тағайындау • 11 Маусым, 2021

Ұқсас жаңалықтар