Руханият • 07 Мамыр, 2021

Жүрегіміздің жылуын балаларға сыйлайық!

542 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Балаларды  сүю  деген  мамандық  бар екен!
Мен  үнемі  мақтанышпен

Мен  тәрбиешімін! – деп  айта  аламын!

Неге  мен  бұл  мамандықты  таңдадым?

2008 жылы оқуды аяқтап келген соң, бірден ауылдағы  балабақшаға жұмысқа орналасып, осында алғаш жұмысымды періште балалармен бастадым. Балалық кезімде   мен  барған  балабақшаның  тәрбиешілері бізге мейірімді көзбен қарап, таңертең бізді әрқашан  күле  қарсы  алатын.  Сондықтан  мен  өз тәрбиешіме  ұқсағым келіп,  осы бала бақшада қалуды  таңдадым.

Балаларға  берген  тәрбиемде  мен  өзімді  өз тәрбиешімдей  сезініп,  есіме  аламын.  Осы  үлкен  жетістікпен, кең  жүрегіммен, балабақшаның есігінен аттаған балаларды әрқашан құшағымды аша қарсы алдым.  Осы  уақытқа  дейін  бір сәтте бұл  мен  үшін  емес  деп  ойлаған  емеспін.

Мен  бақыттымын!

  Өткені  мен  барлық  жылуымды  жан –тәніммен балаларға  беремін. Әрқашан  өзімнің  нәтижелі  жемісімді   балалардың жетістіктеріне  қарап  көремін. Балалардың  балабақшаға келгенде «Сәлеметсіз бе!»  деп  дұрыс  айтып,  өздерін  дұрыс ұстауға  жасаған  жұмыстарына  қол соғып,  достарын  қарсы  алғанға  не  жетсін. Олар би  билеп, тақпақ, өлең  айтып  мақтанышпен  көрсетіп жатады. Осылайша  кейде  балалар  менің  де  еңбегімді  көрсетеді. Балалар жұмысыма  деген  құштарлығымды  арттыра  түседі,  өз  білгенімді  оларға  жеткізуге  себепші  болады.

Бұл  менің  ата –аналармен  бірселіп  жасаған  жұмысымның  нәтижесі  деп білемін.

«Балалы  үй  – базар,  баласыз  үй – мазар» деп  текке  айтпаған, Бала  бізге  қуаныш,  бақыт сыйлайды,  күнделікті  балабақшамыздың  ішінде  жарқын –жарқын  дауыстарымен  қуантып  жатады.

Менің балалақшам – бұл менің  жанұям, менің  әріптестерім. Осы  әріптестерімнің  көмегімен  маған  деген  сенімдерінің  арқасында  тәрбиеші   болғаныма  бақыттымын. Балабақшадағы  тәжірибиемді әріптестеріммен бөлісіп әрі қарай  отырып  көптеген  жақсы нәрселерді  үйреніп,  жұмысқа  деген  бірнеше  мақсаттар  мен талаптар  қою  арқылы  жұмыс  істеп  келемін.

Мен  үшін  бұл  жұмыс  өмірлік  үлкен  ізденіс. Әр  өткізген  күнімде  кем  дегенде  бір  жаңалық  болып   тұрады. Бала  деген  кішкентай  ғана  әлем  екен.  Баланың  ойында  не  бар  екенін  білмейсің,  ол  өзінің  қылығымен,  қойған  сұрақтарының  артында  бір  үлкен  құпиялы  сыр  жатқанын  түсінесің.

Менің  бақытым – менің  балабақшам,  менің  балаларым. Балабақшада  жасаған  жұмыстарымның  бәрі  балалар  үшін. Уақыт  өте келе, кеше  ғана  балабақшаға  аяқтарын  тәй – тәй  басып ,  былдырлап  бал  тілімен  сөйлеп  келген  еді,  ал  бүгін  қарасаң мектепке  кетіп  барады!

Елбасы Н.Ә. Назарбаев  айтқандай, дамыған  мемлекеттердің  қатарында  болу  үшін,  біз  жоғары  білімді  ұлт, ұрпақ тәрбиелеуге  міндеттіміз. Болашақтың  ұрпағы  қазіргі  кезден  басталады. Келешектің  білімді  де  білікті  азаматтары  ең  бірінші  тәлім – тәрбиені  балалақшадан  алады!

Міне,  тәрбиешінің  бақыты,  асқақ  арманы  орындалғандай  болды. Бүгінгі  бүлдіршін – келешек  ел  болашағын  бастар. Өз еңбегімді,  білімімді,  жүректен шыққан  жылуымды  тек  бүлдіршіндерге  ғана  арнаймын!

Түркістан облысы

Түлкібас ауданы

Састөбе ауылы

МКҚК «Қарлығаш» бала бақшасының тәрбиешісі:

Бурлибаева Ақмарал Талғатқызы.