Өткен жылы 31 қазанда 57 жастағы ер адам балық аулауға шығып жоғалып кеткен болатын. Volontery Petropavl еріктілер ұйымы ер адам СҚО-да Мамлют ауданындағы «Чистое» көліне қайықпен балық аулауға шыққанын айтты. Сол уақыттан бері ол хабар-ошарсыз кеткендер ретінде тіркелген.
Мамырда ТЖД құтқарушылары жоғалған адамды іздестіру жұмыстарын қайта бастаған. Департамент баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ер адам белгісіз жағдайда суға батып кеткен. 6 мамырда сағат 13.43-те оның мәйіті қамыстардың арасынан табылып, сот сараптамасына жіберілген.