Қоғам • 11 Мамыр, 2021

Қазақстандықтардың ипотекалық берешегі 7 трлн теңгеден асты

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Берешектің басым бөлігін тұрғын үй кредиттері құрайды, оның мөлшері бір жыл ішінде 600 миллиард теңгеге артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтардың ипотекалық берешегі 7 трлн теңгеден асты

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың банктер алдындағы берешегі 7,1 триллион теңгеден (16,6 миллиард доллар) асқан.

2020 жылы Қазақстанда ипотека бойынша берешек 600 миллиард теңгеге (1,4 миллиард доллар) өсті.

ЕЭК мамандарының есебінше, елде тұрғын үй несиелерінің көлемі бір жылда 1,8 триллионнан (4,2 миллиард доллар) 2,4 триллион теңгеге (5,6 миллиард доллар) дейін ұлғайған. Бұл ретте мерзімі өткен қарыз 20 процентке (60 миллиардтан 71,5 миллиард теңгеге дейін) артты.

Сарапшылар статистиканы салыстыру үшін ЕАЭО-ға мүшеге барлық елдің кредиттік берешегін конвертациялады. Нәтижесінде, ипотекалық қарыздар бойынша ең көп берешек Ресейде – 123,2 миллиард доллар екені анықталды. Екінші орында – Қазақстан, бұл елде тұрғын үй несиесінің көлемі 5,6 миллиард доллар. Беларусь 3,8 миллиард доллармен үшінші орынға жайғасты.