Қоғам • 12 Мамыр, 2021

Кәсіпкерлік идеяға – жарты млн теңге

580 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның 20 үкіметтік емес ұйымы өздерінің кәсіпкерлік идеяларын іске асыру үшін 500 мың теңгеден алады. Бұл туралы «Әлеуметтік талдау және әріптестік орталығы» қо­ғам­дық қорының «Қазақстанның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру және танымал ету» Республикалық жобасы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлер арасында шағын грант­­тар конкурсын бастауға арналған онлайн баспасөз кон­фе­­рен­циясы барысында белгілі болды.

Кәсіпкерлік идеяға – жарты млн теңге

Қазақстандағы әлеуметтік кә­сіп­­керліктің жай-күйі бойынша қолданбалы зерттеулер жүр­гі­зу, сәтті кейстер жинау және әлеуметтік кәсіпорындардың де­ректер базасын құру, ҮЕҰ-кон­курс­қа қатысушылар үшін оқыту вебинарларын өткізу, сондай-ақ гранттық конкурс пен жобаны көп­шілік таныстырылымдар, БАҚ және әлеуметтік желілер ар­қылы ақпараттық сүйемелдеу жос­парланған.

«Жыл қорытындысы бойынша қолдау тапқан жобалардың кем дегенде 30%-ы өзін өзі қар­жы­ландыру немесе жергілікті дең­гей­де қолдау арқылы, сондай-ақ осы жобаларды іске асыру аясында тұрақты жалғасатын болады деп жоспарлануда», деді Алма Қонарова.

Сондай-ақ баспасөз конфе­рен­циясына Ақпарат және қо­ғам­дық даму министрлігінің Аза­маттық қоғам істері ко­ми­те­ті төрағасының орынба­сары Гүлбара Сұлтанова, Аза­маттық бастамаларды қол­дау орталығының бас­қар­ма төрайымы Лима Диас, әлеу­мет­тік кәсіпкер Эмин Әс­ке­ров және басқа да сарапшы­лар қатысты. Г.Сұлтанова өз сө­зінде мемлекеттің әлеуметтік кәсіп­­кер­лікті дамытуға және оны заң­намалық деңгейде қол­дау­­ға мүдделілігін атап өтсе, Л.Диас Азаматтық бастамалар­ды қолдау орталығы шағын грант­­тар конкурсының барлық қатысу­шы­сына әдіснамалық, кон­суль­тациялық және ақпа­рат­тық қол­дау бөлігінде толық қолдау көрсетуге дайын екендігіне сен­дір­ді. Ал Green TAL әлеуметтік ше­бер­ханасының негізін қалау­шы Эмин Әскеров жобаның барлық қатысушысына консуль­та­ция­лық көмек көрсетуге дайын екенін біл­діріп, әлеуметтік кәсіпкерлік сала­сындағы өз тә­жірибесі туралы айтты.

 

Алтынай ТЕЛІБАЕВА,

Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның
11-сынып оқушысы

 

АЛМАТЫ