Осы орайда сала мамандары арнайы жиын өткізіп, ескерткіш орнату жұмыстарына қатысты мәселелерді ортаға салды. Жиынға арнайы қатысқан Қазақстан Республикасының Қырғызстан елшілігіндегі кеңесшісі Жәнібек Жумбергенов, Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет өнер істері департаментінің бас сарапшысы Азамат Жолаев, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры Махаббат Бигелдиев, Ғылыми-зерттеу жобалау филиалының архитекторы Өмірсерік Ахметов қырғызстандық әріптестермен, яғни «Бішкек архитектура» өкілдерімен кездесіп қайтты.
Басқосуда, жобаға қатысты мәселелер пысықталып, тараптар арасында жоспарланған іс-шаралар жайында келіссөздер жүргізілді. Сонымен бірге алдағы атқарылатын жұмыстар белгіленді.