Футбол • 12 Мамыр, 2021

«Қайсардың» бас бапкері ауыспайтын болды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел біріншілігін сәтсіз бастаған «Қайсар» футбол клубы 10 турда 6 ұпай ғана еншілеп, 13-ші орында тұр. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде команда басшылығының қызметінен кететіндігі жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайсардың» бас бапкері ауыспайтын болды

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде сала мамандары сәтсіздіктің себептерін түсіндіріп, бас бапкер қызметінде қалатындығын мәлімдеді.

«Біз басқарма тарапынан клуб басшылығы және ойыншылармен жиі кездесу өткізіп тұрамыз. Команда маусымды сәтсіз өткізіп жатыр. Жеңіске жету үшін көп дайындық керек. Бір-бірін, алаңды түсіну қажет. Осы бағытта жұмыс жасалады. Биыл жергілікті ойыншылардың тәжірибесін жетілдіру көңіл бөліп отырмыз»,-деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов.

Мамандардың айтуынша өткен жылғы құрамның тек 20 пайызы қалғаны да команда ойынына әсер етуде. Сондай-ақ үміт артқан талантты ойыншылар да  жарақаттан енді айығып келеді.

«Коронавирустық инфекцияға байланысты шектеулер шет елден көздеген ойыншыларымызды сатып алу қиындық тудырды. Алдағы ойындардан командамыз ұпай еншілейді деген сенім бар. Енді клубымыздан нәтижелі матчтар күтеміз. Келесі трансферде «Қайсар» сапына 2-3 позицияда тәжірбиелі ойыншыларды тартуды жоспарлап отырмыз, деді облыстық футбол федерациясының вице-президенті Болат Көшербаев.

Айта кетейік, «Қайсар» футбол клубы 14 мамыр күні Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбемен» кездеседі. Бүгін Сыр аяқдопшылары матчқа тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізуде.