Қоғам • 13 Мамыр, 2021

Алматыда құрылыс компанияларына бақылау күшейтілді

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін құрылыс компанияларына айыппұл салынады. Бұл туралы қалалық бақылау басқармасында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда құрылыс компанияларына бақылау күшейтілді

Басқарма мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда қаладағы барлық құрылыс нысандарына тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Қала әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыс алаңдарына тексеріс күшейтілді. Бірінші кезеңде салынып жатқан 84 тұрғын үйдің құрылысы бірнеше критерий бойынша тексеріледі. егер заң бұзушылықтар анықталса, айыппұл салынады, сондай-ақ мәселе толықтай біздің бақылауымызда болады», деді әкімдік өкілі.

Ведомство мәліметі бойынша, бұған дейін ӘҚБтК-нің 312-бабы бойынша Investment Building Company, «Самұрық, Барлас құрылыс», Sheberbuild, Exclusive construction, «Риголит», Salavat stroy, «Диал-строй», «АСИ-строй», Asia Stroy-ST, Kaz Engineer system, «Крафтин строй», Nest stroy, Energy art stroy, «Жаннат Строй», «Сонита строй» және басқа да құрылыс компаниялары жауапқа тартылған.