Әлем • 13 Мамыр, 2021

Әуе жолаушыларынан ПТР сынамалары тегін алынуы қажет пе?

1151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халыққа коронавирусты тестілеу тегін немесе кем дегенде қолжетімді бағамен болуы керек. Бұл туралы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) бас директоры Вилли Уолш мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуе жолаушыларынан ПТР сынамалары тегін алынуы қажет пе?

Қазіргі таңда тек Франция үкіметі елдің шекарасын кесіп өту үшін қажет ПТР сынамаларының шығындарын өтейді. Ал басқа елдерде тестілеу толығымен немесе ішінара саяхатшылардың өздері есебінен жүзеге асырылады. Мәселен, бір елдерде бағалар шамамен 30 доллардан басталып, 200 доллардан асады.

Себебі азаматтардың бір елден екінші елге ұшуға кететін шығындары тек әуе билетінің құнынан ғана емес, сонымен қатар COVID-19-ға міндетті зерттеулерге жұмсалатын шығындардан да құралады. Бұл орташа алғанда жол құнын 45 пайызға, ал қайта тестілеу жағдайында 90 пайызға арттырады.

IATA бақылаулары ішкі рейстерде тестілеу талаптары алынып тасталған елдерде рейстерге сұраныс айтарлықтай өскенін көрсетеді. Дәл осындай нарықтық реакцияны халықаралық желілердегі сынақтардың баға мәселесін, әсіресе көп қолданылатын ПТР-тест бағасын реттеуден күтуге болады.

Сонымен қатар қауымдастықтың директоры көлік және туризм саласындағы жұмыс орындарын сақтау үшін ПТР-тестің бағасын реттеу керектігін баса айтты.