Экономика • 14 Мамыр, 2021

Қазақстанның алтын-валюта қоры өсті

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің алтын-валюта қоры сәуір айында 700 млн долларға өсіп, барлығы 34 миллиард долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Қазақстанның алтын-валюта қоры өсті

Бұл нарықта қымбат металл құнының көтерілуімен байланысты болды. Ал  Ұлттық банкке екінші деңгейлі банктердің салымдары төмендеуімен байланысты еркін конвертацияланатын валюта активтері азайып, 635 миллион долларды құрады. Шикізат нарығындағы оң динамика ұлттық валютаның саудасына да қолдау көрсетті.