Бағдарламалар • 14 Мамыр, 2021

«Самұрық-Қазына» 1,3 триллион теңгенің 18 инвестициялық жобасын жүзеге асырды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Берік Уәли Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған инвестиция тарту туралы тапсырманың қалай орындалғаны туралы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Самұрық-Қазына» 1,3 триллион теңгенің 18 инвестициялық жобасын жүзеге асырды

Берік Уәли 2020 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауына айтылған міндеттен үзінді келтірді.

«Әлемде қалыптасқан жаңа ахуалда елге инвестиция тартып, отандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару Үкімет үшін ерекше басымдыққа ие болып отыр», делінген Президент Жолдауында.

Аталмыш тапсырма бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы құны 1,3 триллион теңге болатын 18 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

«Атап айтқанда:

- Қостанай облысының елді мекендерін газдандыруды кеңейту;

- Қуаты 500 кВ болатын Шүлбі су электр станциясы – Ақтоғай – Талдықорған – Алма желісінің құрылысы;

- Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды жоғары деңгейде қайта өңдеу кешенін салу;

- Тараз қаласында газ тарату желілерін жаңғырту;

- Маңғыстау облысында газ тарату желілерін жаңғырту, реконструкциялау және салу;

- Шардара су электр станциясын жаңғырту;

- Прорва кен орындары тобының ілеспе мұнай газын күкіртсіздендіру қондырғысын салу;

- «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбырында 4 компрессорлық станция салу», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше