Қазақстан • 15 Мамыр, 2021

Елімізде 6 өңір әлі «қызыл» аймақтан шыққан жоқ

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Індеттің таралуы жағынан елдегі эпидемиялық ахуал жақсара қойған жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан бүгінгі мәлімет осыны растайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде 6 өңір әлі «қызыл» аймақтан шыққан жоқ

15 мамыр, яғни бүгін өңірлердегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. 

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары. Министрлік соңғы тәулікте коронавирус індетінен 22 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.