18 Мамыр, 2021

Өмірбек Шыныбекұлы: Түркістанға туристер тарту үшін алдымен өзімізді түзеп алуымыз керек

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының бастамасымен қалың көрерменге подкаст түріндегі жаңа бағдарламаның алғашқы шығарылымы «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбына арналды деп хабарлайды Egemen.kz Ruh.kz порталына сілтеме жасап. 

Өмірбек Шыныбекұлы: Түркістанға туристер тарту үшін алдымен өзімізді түзеп алуымыз керек

«Не әңгіме» деп аталатын бұл подкаста жүргізуші мен бағдарлама қонағы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, қоғамға ой салар пікірлерімен бөліседі.

Бағдарламаның алғашқы шығарылымы «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбына арналды. 

Атақты өлкетанушы, блогер Өмір Шыныбекұлы "Не әңгіме" бағдарламасы алғашқы шығарылымының  қонағы атанды. Ол Түркістан облысы мен Түркістан қаласының бүгінгі даму барысы жайлы пікірлерімен бөлісіп, өңірді әрі қарай дамыту жайлы ұсыныстарын айтты.

Сондай-ақ, подкаст барысында Түркістандағы киелі жерлер – Арыстанбаб, Хожа Ахмет Яссауи кесенелері, Үкаша ата құдығы туралы құнды мәліметтер берілді. Өмір Шыныбекұлы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданын Түркістанға қосып, Шәуілдір ауылын Сауран қаласы деп өзгерту туралы ұсыныс жасады.

Подкасттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=-5EE2g9k5rs&t=398s