Аймақтар • 19 Мамыр, 2021

СҚО-да үй жануарлары арасында құтыру көбейіп барады

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында үй жануарларының арасында құтыру көбейіп барады. 6 елді мекенде шектеу шаралары енгізілді, сондай-ақ жақын күндері тағы үш ауыл карантинге жабыды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да үй жануарлары арасында құтыру көбейіп барады

Шал ақын ауданы Городецкий ауылдық округіне қарасты Жалтыр ауылында иттің құтыруға шалдыққаны тіркелді. Иелерінен сараптама алынып, вакцина егілді. Ауылдағы мал басы есепке алынып, ірі-қараға да жұқпаға қарсы екпе салынады.

«Ауру ошақтарында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бәріне уақытымен вакцина егіледі. Шектеу шараларына байланысты Мамлют, Ақжар, Шал ақын, Мүсірепов, Тимирязев, Жұмабаев аудандарындағы індет ошағы тіркелген ауылдандан ет-сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Алдын ала болжам бойынша ауру жабайы аңдардан келген. Бірақ көзбен көрген ешкім жоқ», дейді облыстық ветеринария басқармасы бөлімінің жетекшісі Қайырлы Қазанов.      

Ресми мәліметтерге сүйенсек, өңір бойынша 6 сиыр, 2 ит пен мысықтан құтырма ауруы анықталған.