Әлем • 20 Мамыр, 2021

Қытайда құс тұмауы анықталды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі H5N8 құс тұмауы елдің оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданы Нагчу қаласында тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайда құс тұмауы анықталды

Нагчу қаласында және Тибеттің сулы-батпақты жерлеріндегі ұлттық қорықта жабайы құстарда жоғары патогенді ауру табылды.

Мекеменің мәліметінше, вирус жұқтырған 268 құс өлген. Жергілікті билік олардың табылған жерлерінде, соның ішінде барлық өлген құстарды жоюға қажетті шаралар қабылдады.