Аймақтар • 20 Мамыр, 2021

Абай даңғылы уақытша жабылады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Абай даңғылының кей жерлерінде көлік қозғалысы бір түнге шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай даңғылы уақытша жабылады

«Алматы жылу желілері» кәсіпорнының мәліметінше, 21 мамыр түнгі сағат 22: 00-ден 22 мамыр таңғы сағат 8:00-ге дейін Абай даңғылының солтүстік жағында (батыс бағытта) Алтынсарин мен Саин көшелерінің аралығы жабылады.

Уақытша шектеулер осы көшенің бойымен өтетін жер асты магистральды құбырын жоспарлы ауыстыру жұмыстарымен байланысты енгізіледі.

Еске салайық, Ш. Шөкин көшесінің бір бөлігі төрт айға жабылды.

Компания таратқан мәліметке сәйкес, 24 мамырдан 20 қыркүйекке дейін Шапық Шөкин көшесінің бойында Қарасай батыр көшесінен Райымбек даңғылына дейін автокөлік қозғалысы тоқтатылады.