Өнер • 22 Мамыр, 2021

Сенекте тарихи фильм түсіріледі

721 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Фильм С.Елубаевтың «Ақ боз үй» романы бойынша түсіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімдігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Сенекте тарихи фильм түсіріледі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубаевтың ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық туралы әйгілі «Ақ боз үй» романы бойынша Сенек ауылында драма жанрындағы тарихи фильм түсіріледі.

Фильмде күллі қазақ халқы көрген нәубетті бір әулет басынан кешірген оқиға арқылы көрсетуді мақсат етіп отыр.

«Үздік шетелдік драма» номинациясын алған «Аңшы бала» және «ОАЗИС», «Бала ғашық» көркем фильмдерін түсіруші режиссер Бегарыс Елубаевтың бұл фильмінде басты рөлді С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының әртісі Қайрат Кемалов Пахреддин би ретінде сомдайды.

«Парасат» орденінің иегері Смағұл Елубаев түсірілім тобымен бірге Сенек ауылына келіп, фильм түсіретін орынмен танысты.

Қазақ елінің ашаршылықтан қырылған ауыр кезеңі сомдалатын тарихи фильмнің түсірілімі алдағы апта басталып, 2022 жылдың наурыз айында көрерменге жол тартпақ.