Спорт • 23 Мамыр, 2021

Жапонияда  Олимпиада өткізуге деген қарсылық жиілеп тұр

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар қалада Covid-19 індетіне байланысты төтенше жағдайдың жарияланғанына қарамастан, халықаралық спорт жарысы өткізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Жапонияда  Олимпиада өткізуге деген қарсылық жиілеп тұр

Дегенмен Жапонияда  Олимпиада өткізуге деген қарсылық күннен күнге арта түсуде. Тұрғындар халықаралық жарыстың  коронавирус инфекциясының таралуына себеп болатынынан қауіптенеді.

— Спортшылар мен Жапония халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жоспарымыздың бәрі ең нашар деген сценарийлерге негізделген, -  дейді Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) вице-президенті Джон Коутс.

Ол «Олимпиада ойындары Токиодағы  төтенше жағдайға қарамастан  өткізіле бере ме?» деген журналист сауалына ол «Әрине, өткізіледі»  деп қысқа жауап берді.

Токиодағы Халықаралық Олимпиада ойындарының басталуына тоғыз апта ғана қалды. Бұл жарыс 2020 жылы өтуі тиіс еді, бірақ пандемияға байланысты ойын бір жылға шегерілген.

Жапония коронавирус індетінің төртінші толқынымен күресіп жатыр. Екпе науқаны баяу болғандықтан, халықтың біраз бөлігі Олимпиаданы биыл өткізу жоспарына сенімсіздікпен қарайды.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15