Аймақтар • 24 Мамыр, 2021

Алматылықтар қалада жапсарлай салына бастаған құрылысқа наразы

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Abay 130» тұрғын үй кешенінің тұрғындары үйдің жанындағы жапсарлай салына бастаған 12 қабатты ғимараттың құрылысына қарсылықтарын білдірді. Бұл туралы олар Facebook желісінде әкімдікке үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz 

Алматылықтар қалада жапсарлай салына бастаған құрылысқа наразы

«Басында тұрғындарға ұсынған жобада бұл жерде біздің үйден басқа құрылыс болмайды делінген. Уақыт өте келе көгаладандыруға арналған алаңда 12 қабатты ғимарат пайда болатын болды. Ең сорақысы – бұл жобамен барлық билік келіскен, тіпті жобаның мемлекеттік сараптамасы да бар. Прокуратураға шағымдандық, бірақ олар бізді қалалық әкімдікке жіберді. Егер мемлекеттік органдар шешімді жоймаса, тұрғындар сотқа жүгінеді. Бұл тұтынушының құқығын бұзу», деп жазды желі қолданушылар.

Сондай-ақ қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс салушыға тұрғын үй кешенінін жобаға дейінгі құжаты берілгенін мәлімдеді.

«Құрылыс басталғанға дейін жоба Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігіне міндетті мемлекеттік сараптамадан өтеді», деп хабарлады басқарма өкілі.