Облыс аумағында 28 мамырға дейін созылатын іс-шара есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталып отыр.
Оның аясында облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жүргізеді.