Елена Сәкенова «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның құттықтау сөзі мен түлектерге арналған өсиеттерін оқып берді.
Сара Алпысқызының құттықтауында: «адами тұтастықтың ішкі негізі – жалпыадамзаттық құндылықтар. Олар адамда рухани тазалықтың, сүйіспеншіліктің, құрметтің ұшқынын тұтатады және осы ұшқын арқылы жүректе өмірдегі басты басымдықтардың: руханилықтың, адамгершіліктің, патриотизмнің алауы тұтанады» делінген.
«Өзін өзі тану» бағдарламасының авторы түлектердің өз елінің адамгершілігі жоғары, білімді және бақытты азаматы болуға тілектестік білдірді.
Елена Сәкенова Сара Алпысқызы өзін өзі тану, үйлесімді даму және әрқайсымыздың толыққанды өзін өзі жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасағанын атап өтті. «Адам бақыты мен өмірлік сәттіліктің сыры өзімен үйлесімде, табиғатпен үйлесімде, қоғаммен үйлесімде екенін білеміз», деп түлектерге ізгі ниетін білдірді.
«Өзін өзі тану» гимназиясының түлектері Сара Алпысқызына, «Бөбек» ҰҒПББСО-ның ұжымына, мұғалімдерге жылы лебіздерін жолдап, «Өзін өзі тану» пәні үшін шын жүректен алғысын білдірді. Содан кейін мектеп бітірушілерге арналған соңғы қоңырау соғылды.