Қазақстан • 26 Мамыр, 2021

Қазақстанда заңды түрде тіркелген 22 мыңнан астам ҮЕҰ бар

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халық алдында есеп беру барысында осындай статистиканы жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда заңды түрде тіркелген 22 мыңнан астам ҮЕҰ бар

Оның айтуынша, бұл орасан зор қоғамдық әлеует, зияткерлік күш пен энергетиканы қарапайым азаматтардың пайдасына, ал сайып келгенде, әлеуметтік прогрестің игілігіне айналдыруға болады және айналдыру керек.

«Мемлекет жыл сайын ҮЕҰ-мен серіктестікті арттырып келеді. Бұл ретте мұның бәрі жергілікті ортада қабылданғандай, гранттар мен әлеуметтік тапсырыстар түрінде қаржылық қолдауға ғана байланысты емес. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемі соңғы 5 жылда 2 есеге, гранттар 3 есеге артты. Осының арқасында жыл сайын орта есеппен 2 мыңға жуық әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылады», деді министр.