Ғ.Пірматовтың айтуынша, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы өзінің атом саласындағы сенімді серіктес әрі отын жеткізуші мәртебесін нығайтып, ең ірі табиғи уран сатушы ретіндегі орнын сақтап қалды. Жаһандық пандемияның сын-қатерлеріне қарамастан, компания 2020 жылға жоспарланған барлық көрсеткіштерге қол жеткізді, кейбіреуі бойынша жоспар асыра орындалды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша түсім – 587,5 миллиард теңгеге, ал таза пайда 221 миллиард теңгеге жетті. Компанияның 2018-2021 жылдар кезеңіндегі дивидендтерінің жалпы сомасы 491 миллиард теңгені құрайды.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа холдинг кәсіпорындарындағы вакцинация қарқыны туралы, компанияның ірі жобаларының жүзеге асырылуы, соның ішінде жылу бөлетін құрамалар шығару зауытының іске қосылуы жөнінде баяндалды.