Аймақтар • 27 Мамыр, 2021

Қауіпті вируспен күрес қарқыны күшейтілді

173 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жаһанды жайлаған коронавирус індетіне қарсы бүгінде Жамбыл облысында бірқатар жұмыс жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, күні бүгінге дейін өңірде қауіпті індеттің
8 936 жағдайы тіркеліп, пневмонияның 3 839 дерегі анықталған. Аталған індеттен аймақта қазіргі кезде 8 341 азамат сауығып шыққан болса, өкінішке қарай, 85 өлім жағдайы тіркелді.

Қауіпті вируспен  күрес қарқыны күшейтілді

Бүгінде коронавирус індетін жұқ­тыру бойынша өңірде Тараз қаласы алға шығып отыр. Мәліметке сәй­кес, облыс орталығында қазіргі кезең­де
4 578 адам қауіпті індетті жұқтыр­ған. Сондай-ақ Байзақ ауданында 707, Жамбылда 421, Жуалыда 301, Қор­дайда 1 158, Т.Рысқұлов ауданында 236, Меркіде 223, Мойынқұмда 168, Сарысуда 219, Талас ауданында 174 және Шу ауданында 569 жағдай анық­талған. Сонымен қатар, әскерге шақырылушылар арасынан 125 жағ­дай мен басқа облыс тұрғындары арасынан 57 жағдай тіркелген. Облыс орталығы мен аймақтың бірқатар ауданында да пневмонияның жағдайы анықталған.

Қауіпті індеттің алдын алу және тұрғындарды қорғау мақсатында өңір­де бірқатар жұмыс ұйымдас­тырылуда. «Биылғы 25 мамыр күнгі ақпарат бойынша, 2 580 орын­дық инфекциялық стацио­нарларда 917, оның ішінде 250 төсектік орында 76 науқас ем қабылдауда. Карантиндік стационарларға 13 тұлға орна­ластырылған. Өңірдегі 10 зертха­нада жалпы тәулігіне шамамен
2 600-2 800 ПТР зерттеу жүргізілуде», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. Сонымен қатар жалпы облыс бойынша 22 денсаулық сақтау ұйым­дарында 42 егу пункті бар. Олардың ішінде 14 пункт Тараз қаласында және 28 пункт аудандарда орналасқан.

Биыл 1 ақпаннан бас­тап облысқа 1 мың адамға арналған 2 мың доза QazCovid-in вакцинасы, 92 700 доза Спутник V вакци­насының 1 компоненті  және 71 600 доза 2 компоненті мен 27 мың доза Hayat Vax вакцинасы келді. Аталған бас­қарманың мәліметінше, жалпы өсіммен 102 423 тұлға Спутник V вакцинасының 1-компонентімен, оның ішінде 1 459 тұлға отандық вакцинамен, 92 041 тұлға Спутник V және 9 380 тұлға Hayat Vax вакцинасымен екпе алған. Оның ішінде 13 379 адам медицина қызметкерлері, 18 295 адам облыстағы білім беру мекемелерінің қызметкерлері, 15 842 адам арнайы күштік құрылым қызметкерлері, 2 115 адам мемлекеттік қызметшілер және 52 792 басқа да тұлғалар бар. «Вакцинаның 2-компоненті өсіммен 36 264 тұлғаға екпе жүргізілді. Егуден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ. Бүгінге отандық вакцинаның 582, Hayat Vax вакцинасының 17 618 дозасы, Спутник V 1-компоненттің 659, 2-компоненттің 35 911 дозасы қалды», дейді Ә.Қалиев.

 

Жамбыл облысы