Қазақстан • 27 Мамыр, 2021

ШҚО-дағы демалыс орындарына ПТР анықтамасыз баруға бола ма?

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс орындарына ПТР анықтамасыз баруға болады. Бірақ ол үшін Ashyq жобасы немесе вакцинация төлқұжаты болуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-дағы демалыс орындарына ПТР анықтамасыз баруға бола ма?

Онлайн форматта өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов жыл басынан бері кәсіпкерлер жаз айларында демалыс базаларына келетін туристерден ПТР анықтама талап етпеу туралы өтініш жасағанын айтты. Осылайша, келушілерді орналастыру бойынша бірқатар ереже бекітілген. Нақты айтқанда, «Ashyq» жүйесінде «көк» және «жасыл» мәртебесі бар туристер еш қиындықсыз демалыс орнына бара алады. Сонымен қатар ПТР анықтамамен немесе вакцинация тапсырғанын растайтын паспортпен келуге болады.

«Ал «сары» және «қызыл» мәртебесі бар демалушыларға туристік-сауықтыру орындарына болуға тыйым салынған. Демалыс базаларында коронавирусты жаппай жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталуы қажет. Сондай-ақ адамдар көп шоғырланған жерлерде күнделікті профилактикалық дезинфекция жүргізіледі. Мониторингтік топтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын жүйелі түрде тексеруді жоспарлап отыр», деді ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, бүгінде Алакөл жағалауындағы 188 демалыс базасының 153-і санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қорытындысын алған. Ал Ashyq жобасына тоғыз демалыс базасы қосылып үлгерді.