Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 28 мамырынан 1 маусымына дейін Бараев көшесінде Ш.Уәлиханов көшесінен Қараөткел көпіріне дейінгі учаске автокөлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген басқарма хабарламасында.