Білім • 28 Мамыр, 2021

Асхат Аймағамбетов 100 мектептің шешілмей отырған мәселесін айтты

821 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір жылдың ішінде елімізде 1 600 мектепте жылы дәретхана салынды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Аймағамбетов 100 мектептің шешілмей отырған мәселесін айтты

«Әрине, жылы дәретханаларға қатысты көп мәселе болды, әлі де қалып отыр. Президент тапсырмасы бар екендігін білесіздер. Осыдан 1 жыл бұрын ғана елімізде далада орналасқан 1 700 дәретхана болған еді. Бір жылдың ішінде 1 600 жылы дәретхана салынды. Жергілікті атқарушы органдар үлкен жұмыс жүргізді», деді Асхат Аймағамбетов.

Дегенмен, ол әлі де болса 100 мектептің дәретханасына қатысты проблема қалып отырғандығын айтты.

«Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таяуда ғана бұл мәселені Үкімет жанында жұмыс істейтін Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қарадық», деді министр.