Бүгін, 28 мамырда Дохада (Қатар) жеңіл атлетикадан әлемдік «Гауһар лигасы» турнирі басталады.
Жарысқа қатысушылар арасында Қазақстан құрамасының үздігі Ольга Рыпакова бар. Дүниежүзілік додада ол үш қарғып секіру бойынша бақ сынайды. Аталған санат бойынша негізгі фавориттердің барлығы сынға түседі. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Юлимар Рохас (Венесуэла), екі дүркін әлем чемпионы Катрин Ибаргуэн (Колумбия), Олимпиада ойындарының жүлдегері Ольга Саладуха (Украина) бар.
Айта кетерлігі, жарыс бүгін елорда уақытымен сағат 21:38-де басталады.